ҚЫЗЫЛОРДАДА БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАЛА ЗОРЛЫҒЫН ЖАСЫРЫП ОТЫР МА?
Қызылордада жан түршігерлік жағдай орын алды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қаламыздың Тасбөгет мөлтек ауданында №172 және №257 мектептің бір топ оқушылары 2-сынып оқушысын зорлаған. Бұл туралы жәбірленген баланың ата-анасы хабарлаған болатын.
Жәбірленген бала бүгінде 2- сыныпты аяқтаған. Ата-анасының айтуынша, баласы жасаланып жүрген ерсі әрекеттерден сыр білдірмей жүрген. Жоғары сынып оқушылары зорлық-зомбылық әрекеттерін қымсынбай жасап жүрген. Көнбесе қоқан-лоқы көрсетіп, қорқытса керек дейді. «Кеш құрым кенеттен кенже інісіне ағасы жыныс мүшемді аузыңа салып сор» деген сөзін естіген анасы есеңгіреп қалған. Ал жасалынған озбырлық әрекеттерінің орын алып жүргендігін сол үйдің кенже баласы баяндаған екен.«Мен үлкен ұлымнан сұрасам жақ ашпайды. Ал, кенже ұлым бәрін баяндап, кімнің қайда, не істегендігін жайып салды. Көршілес үйдің балалары осындай әрекетін емін-еркін естеріне түскен кезде жасап жүрген. Тіпті бір үйдің ағалы-інілі ағайындылары да бар екен. Ең сорақысы, бұл жөнінде әке-шешесінің де балаларының азғындық әрекетінен хабары бар болып отыр. Балаларының жасаған аса ауыр қылмысын қазақылықпен шешейік деп, ақша ұсынған мектеп тарапы да ата-аналар да бар. Мен үшін баламның өмірі маңызды, ал ақшаға мұқтаж емеспін. Әділдік орнауын талап етемін. Мендегі үрей екі мәрте жазған арызымды қысқартып тастауы. 6 маусымда жазылған арыз қазіргі күні қысқартылып кеткен. Ал, тергеушілер істі соңына дейін алып барасыз ба, деп күмән тудыруда. ҚР Қылмыстық кодекстің 140 баптың 2 тармағы бойынша іс-қозғаған, ал менің сұрайтыным, 121 мен 122 бап кәмелет жасқа толмаған бала зорлығы.»,- дейді жәбірленуші баланың анасы.
Айтарға ауыз бармайтын, аса ауыр қылмыс екендігін бала көңіл білмесе керек. Алайда, балалықтың шалалығына ата-анасы жауапты деген тергеушілер ата-аналарының дұрыс тәрбие бермегендігі жөнінде іс қозғаған. Ең қызығы облысымызда орын алған жан түршігерлік әрекеттен қалалық білім бөлімінің хабар ошарсыз екендігі. Ал, білім ордаларының басшылары бұл іс бойынша жақ ашпау үшін бе, әлде арнайы тапсырма берілді ме, мектеп басшылығын және де тәрбие завучын оқу ордасынан көре алмадық.
Ал, зорланған баланың анасы қалалық және облыстық білім басқармалары хабардар екендігін жеткізді. Мектеп басшылығы аса ауыр қылмысты, тіпті бала тағдырын сын сағатта кімнен неге жасырмақ болды? Біз білмейтін зорлық-зомбылықтың тіркелмей, әлі күнге дейін жалғасып жүрген түрі де бар шығар, бәлкім? Алайда, бүгінгі күні сот сараптама орталығы бала бойында орын алған өзгерістердің бар не жоқ екендігін анықтау үшін тиісті зерттеу жұмыстарын жүргізуге кірісіп-ақ кетті. Ендігі 1 ай көлемінде бала тағдыры шешілетін болады.
Сонымен қатар, жауапкершілікке тартылған аналардың бірі
Шындығында, жәбір көрген балапанның болашағына анасы алаңдаулы. Сыр білдірмей іштен тынып, басқа түскен шараға көндігіп жүргендері де қаншама? Ал, тергеп тексеру бойынша, жазылған арыздың бірінші нұсқасы не себепті, қысқартылып отыр?
«Балалардың болашағына аса ауыр қылмысты арта алмаймыз, олар кәмелет жасқа толмаған. Дәлелденсе, сот медицина сараптамасы шықса, Қазір Тасбөгет полиция бөлімінің бір сыныптан үш баптың бірдей оқушы зорлық көрсеткендігі жөнінде бапқа ауыстырылады. Тергеп тексеру мерзімі екі ай, ал сот сараптамасы бір ай уақытты талап етуде» - деді Тасбөгет полиция бөлімінің аға тергеуші полиция капитаны Айсұлтан Серіков.
Суыт хабардың орын алғандығы жөнінде Қызылорда облыстық білім басқармасы мен Қалалық білім бөлімінің басқармасы жақ ашпауына не себеп? «Жаңа Қазақстанды» «Балалар жылы» зорлық әрекеттерін жасырумен бастау алмақ па? Ең сорақысы, тергеу ісінің қысқартылып, тіпті зорлық әрекетінен ата-ана жауапкершілігіне ауыстырылуға не себеп? Әділдік іздеген ана мен зорлық көрген баланың болашағы қалай болмақ? Ел болып, күресетін жағдайды қазақылыққа салып, жылы жауып қоя салуымыз керек пе? Жергілікті биліктен күдерін үзген ата-ана әділдік жолында республикалық деңгейге көтеріп, түрлі арналар мен қоғамдық бірлестіктерден ақ-қарасын ашуда көмек сұрайды.
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ
ФОТОЖУРНАЛИСТ: ДИНАРА БАУЫРЖАНҚЫЗЫ