Онлайн формат бәрін шаршатты

356

Фото: Білім министріПедагогикалық кеңесте сөз сөйлеген Білім министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқыту тағы бір жылға созылса, көпшілік мұны көтере алмай қалуы мүмкін екенін айтып, онлайн формат бәрін шаршатқанын мәлімдеді.
Аймағамбетовтің айтуынша, онлайн форматтан бәрі шаршап отыр. 


"Бізге коронавирусқа қарсы вакцинаны алып, түрлі біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, жазғы мектепті жоғары деңгейде өткізіп, еңбек демалысы кезінде жақсылап демалып алу керек. Мұның бәрі келесі оқу жылын бастауға негіз болады деп есептеймін. Мен алдағы білім беру жылында дәстүрлі форматқа ораламыз деген ойдамын. Өйткені бәрі шаршады. Келесі оқу жылы қашықтан оқу форматында болса, оқу процесінің тиімділігіне өте қатты әсер етеді", - дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. 


Елімізде коронавирусқа қарсы екпе салдыру ерікті екенін атап өткен шенеунік әріптестерінің дұрыс шешім қабылдайтынына сенім білдірді. 


Министр вакцинаны ойлап тапқандардың ішінде отандық ғалымдардың үлесі бар екенін алға тартты. Бас мұғалім ел ішінде ұжымдық иммунитет қалыптасса, қашықтан оқытудан құтылып, барлық баланың 1-қыркүйекте мектепке оралуына мүмкіндік туатынын айтуда.