2025 жылы «Болашақ» бағдарламасымен оқуын аяқтағандар елге оралды

2 551

Коллаж: UlysmediaБиыл «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алғандардың нешеуі шетелде қалды? Бұл сұраққа Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті жауап берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

- Қазіргі уақытта «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында 1,2 мыңнан астам стипендиат білім алып жатыр. Оның ішінде 75,5 пайызы – магистратурада, 12,4 пайызы – тағылымдамада, 12,1 пайызы – докторантурада, - делінген ведомствоның Kazinform агенттігіне берген жауабында.

«Болашақ» бағдарламасы аясында 2025 жылы 202 адам оқуын аяқтады. Оның ішінде 48,5 пайызы тағылымдама бағдарламасы, 46,5 пайызы – магистратура, 5 пайызы докторантураны аяқтады.

- Бүгінде 202 түлектің 178-і еңбекпен өтеу мониторингінде, 8 түлек – еңбекпен өтеу бойынша (оқуға, бала күтіміне және т.б. байланысты) шарттық міндеттемелерді орындауды кейінге қалдырды, сондай-ақ 16 түлек жұмысқа орналасу кезеңінде. Осылайша, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына сәйкес, 2025 жылы оқуын және тағылымдамасын аяқтаған барлық түлектер Қазақстанға оралды, - деп аталып өткен. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.