Балабақшаға қабылдау жайлы не білуіміз керек?
2 209
4 маусымда ҚР Білім министрлігі 2025–2026 оқу жылына арналған мектепке дейінгі мекемелердегі кадрлық топтарға қатысты мәселелерге түсініктеме берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, балабақшаларға қабылдау науқаны 2025 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
"Ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілген өңірлерде ваучерлерді бөлу кезек жаңартылғаннан кейін, нақтырақ айтқанда, 1 шілдеден бастап жүзеге асады. Бұл Тараз, Түркістан, Шымкент, Орал, Астана, Семей, Өскемен, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Қонаев, Қосшы, Талдықорған қалаларына, сондай-ақ Байзақ, Сарыағаш, Жетісай, Сайрам, Қазығұрт және Мақтаарал аудандарына қатысты",- деді Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің баспасөз қызметі.







