Шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге өтінім қабылдау басталды

508

Шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге өтінім қабылдау басталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Ол 2023 жылғы 15 наурызға дейін жалғасады. Республикалық комиссия грант тағайындауды мамыр айына дейін жүзеге асырады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын 500 отандық ғалымға мемлекет есебінен ғылыми тағылымдамадан өтіп, әлемнің жетекші зертханаларында зерттеу жүргізуге мүмкіндік беріледі. Биыл ғалымдарды іріктеу критерийлері жетілдірілді. Тағылымдамадан өтуге болатын ЖОО мен ғылыми орталықтар тізімі алғаш рет жасалды. Зерттеулердің өзекті бағыттары бойынша мамандықтар тізімі бекітілді. Сарапшылар комиссиясының құрамына қойылатын талаптар күшейтілді. Енді оған инженерлік-техникалық, медициналық, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының докторлары ғана кіреді», – деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» - деді АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.