Білім министрлігі еліміздің үш өңіріндегі жағдайға алаңдаушылық білдірді

318
Қазақстанның үш облысында жұмыс істеп жүріп жоғары оқу орнында оқитын мұғалімдер саны көбейген.

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың айтуынша, жыл басынан бері мұғалімдердің 40% -і ғана аттестаттаудан өткен.

"Бізді Қазақстанның барлық аймағында өтетін мұғалімдерді аттестаттау мәселесі алаңдатады. Жыл басынан бері 13 430 мұғалім өз деңгейін растады. Сондай-ақ Алматы, Атырау және Түркістан облыстарында сырттай оқып жүріп жұмыс істейтін мұғалімдер санының артуы алаңдаушылық тудырады", – деді аппараттық жиында Каринова.   Сондай-ақ вице-министр мұғалімдердің 3,2% ғана магистратураны тәмамдағанын жеткізді. Магистратура үшін қосымша ақы төленетінін ескерсек, бұл өте төмен деңгей. 

Бұған дейін Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов ақша табу үшін қазақстандық мұғалімдер Қылмыстық кодексті бұзуға дайын екенін айтқан болатын. 
Мұғалімдерге арналған біліктілік тестілеу кезінде өрескел бұзушылықтар анықталды. Олар өздерімен бірге шпаргалкалар мен тыйым салынған заттар алып кірген. 
 
Еске сала кетсек, бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында биыл қыркүйек айынан бастап ведомствоға тікелей бағынышты ЖОО оқытушыларының жалақысы көбейетінін айтқан еді.
 
Министрдің сөзінше, оқытушыларға лайықты жалақы төлеп, олардың қалыпты жұмыс атқаруына жағдай жасау - жоғары білім сапасын арттыру үшін маңызды.