«Болашақ» бағдарламасы аясында 500-ден астам ғылыми қызметкер білім алды

2 507

Фото: ©«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ғылым қызметкерлерін 12-ші  сәуір - Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жаап.


Бүгінгі таңда ғылыми кадрларды қолдау, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және білім мен технология трансферін дамыту - стратегиялық маңызға ие бағыттар. Бұл ретте «Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламалары ұлттық ғылыми әлеуетті күшейтіп, зияткерлік капиталды арттыруға қызмет етіп отыр, - делінген хабарламада. 

«Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында 13 мыңнан астам маман даярланған. Оның ішінде 500-ден астам түлек «ғылыми қызметкер» санаты бойынша білімін сәтті аяқтаған. Бұл көрсеткіштер елімізде ғылым саласының жүйелі түрде дамып келе жатқанын аңғартады. Бағдарлама арқылы дайындалған мамандар бүгінде білім беру, ғылым, медицина, инженерия және өзге де стратегиялық маңызды салаларда еңбек етіп, ел дамуына елеулі үлес қосып келеді. Аталған же тістіктер, ең алдымен, ғылыми қызметкерлердің табанды еңбегі мен үздіксіз ізденісінің нәтижесі. Олардың жүргізген зерттеулері мен ғылыми жаңалықтары ұлттық экономиканың өсуіне, инновациялық технологиялардың енгізілуіне және елдің зияткерлік әлеуетінің артуына ықпал етуде.

Түлектердің 61,5%-ы гуманитарлық, 31,7%-ы техникалық, 6,4%-ы медициналық және 0,4%-ы шығармашылық бағыттар бойынша білім алған. Сонымен қатар, «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы аясында 1300-ге жуық маман даярланып, олардың 55%-ы гуманитарлық, 39%-ы техникалық, 5%-ы медициналық және 1%-ы шығармашылық бағыттарға тиесілі, - деп хабарлады орталықтан. 

Сарапшылардың пікірінше, ғылымды қолдау мен жас ғалымдарға жағдай жасау – мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының негізгі факторларының бірі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, отандық ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.