Мұғалім ата-анадан заңсыз 420 мың теңге алған

1 539

Фото: Sputnik / Абзал КалиевАқтөбеде жекеменшік мектептің бастауыш сынып мұғалімі танысының баласын мектепке қабылдап, оқу ақысын өз пайдасына алып отырған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ақтөбе қаласының №2 соты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі («Алаяқтық») бойынша қозғалған қылмыстық істі қарады.

Сот материалдарына сәйкес, 2024 жылдың тамызында мұғалім танысының өтінішімен баласын мектепке орналастырып, ай сайынғы оқу ақысы жеңілдікпен 60 000 теңге болатынын айтқан. Ол баланың атынан оқу туралы келісімшартқа қол қойдырғанымен, құжатты мектеп әкімшілігіне тапсырмаған. Осылайша, бала ресми тіркелмей, заңсыз оқып жүрген.

Жәбірленуші 2025 жылдың наурызына дейін мұғалімнің жеке есепшотына ай сайын 60 000 теңгеден, жалпы 420 000 теңге аударып отырған. Ал мұғалім бұл ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындады.

"Нәтижесінде, сот оны ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, алайда жәбірленушімен татуласуына байланысты ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатты", – деп хабарлады Ақтөбе қалалық сотының баспасөз қызметі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.