Мектепке дейінгі ұйымдардан 1000-нан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтеді

2 547

Фото: Gov.kz«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы алғаш рет мектепке дейінгі жастағы балалардың коммуникативтік дағдыларын дамытуда арт-педагогикалық технологиялар бойынша біліктілікті арттыру курстарын бастады. Бұл курсқа мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінен 1000-нан астам педагог қатысады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Курстың бағдарламасы мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс істеуде арт-педагогика әдіс-тәсілдерін қолдану бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттерін жетілдіруге арналған.


«Артпедагогика – мектепке дейінгі балалардың сөйлеу және коммуникативтік дағдыланы дамытудың инновациялық әдістерінің бірі. Балалардың қарым-қатынасының басым аспектісі ойын болғандықтан, арт-педагогикалық технологиялардың ішінде әсіресе, ертегі терапиясы, кітап терапиясы, музыка терапиясы, ойын терапиясы, би терапиясы, сурет терапиясы маңызды. Бүгінде курста 669 педагог оқуда», – деп атап өтті «Өрлеу» басқармасының төрағасы Айдана Шилибекова.


Бағдарлама оқытудың әртүрлі әдістерін, түрлерін, оның ішінде практикалық жұмыс пен талқылауды, кейстерді талдауды, көшпелі практикалық сабақтарды ұйымдастыруды көздейді. Курс бойынша оқу осы жылдың қараша айының соңына дейін өтеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.