Қызылордада «Педагогикалық бейінді сынып» жобасы аясында іс-шаралар өтуде

232

Сыр өңірінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейі арасындағы екі жақты ынтымақтастық негізінде Openconf өткізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


«Педагогикалық бейінді сынып» жобасы аясында өткен Openconf мақсаты – білім алушыларды педагог мамандығына тарту, қабілетін дамыту, кәсіби әдістемелік қолдау көрсету.


Мектеп-лицейде өткен шарада ғалымдар жоғары сынып оқушыларына дәріс берді. Оқушылар осы сабақ нәтижесінде  гуманитарлық пәндерді терең зерттеп, әлеуметтік, педагогикалық және әлеуметтік-мәдени бағытта түрлі зерттеулер жүргізуге мүмкіндік алады.


Бүгінгі қоғамда маңызы бар айрықша жобаны қолға алғалы отырмыз. Мамандық таңдау жоғарғы сынып білім алушыларының өзекті мәселесі. Бүгінгі таңда, әсіресе, мұғалім мамандығына сұраныс артып отыр. Осы орайда біздің жаңа жобамыз уақыт сынынан сүрінбей өтетін заманауи жоба бола алады деп ойлаймын, - деді мектеп-лицей директоры Айгүл Алтынбекқызы.


Openconf-қа Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, «Құрмет» орденінің игері Жұмаділ Шілдебаев, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, біліктілікті арттыру  және қайта даярлау институтының директоры, Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті Ирина Шеститко қатысты. Сондай-ақ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Биология, география және химия» кафедрасының меңгерушісі, PhD Гүлжас Тоқтағанова, педагогика ғылымдарының кандидаты Гүлмира Назарова, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Рахат Құрманбаев, «Рекрутинг және мансап» басқармасының басшысы Жандос Оразмаханов қатысып, өз ойларымен бөлісті.