Қызылордада жеке мектеп оқушыларына әлеуметтік көмек беріле ме?
Облысымыздағы атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың барлығына бірдей материалдық көмек көрсетілмеуі мүмкін - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорда облысында әлеуметтік көмекті қажет ететін 31 312 балаға «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында Міндетті оқу қоры есебінен бір реттік көмек берілу жоспарланған. Оның ішінде, атаулы көмек алатын отбасылардың саны - 12 748, күн көріс көрсеткіші төмен отбасылар – 15 377, ал жетім және ата-ана қамқорлығынсыз балалардың саны - 593. Сонымен қатар білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындаған 2594 балалар бар. Ол үшін ата-аналар құжаттарын білім ұйымдарына ұсынуы тиіс.
Оқу жылының басталуына небәрі санаулы күндер қалды. Алайда, көпбалалы аналардың басым көпшілігі мемлекет тарапынан қарастырылған оқушыларға берілетін қаржыдан қалыс қалуы ықтимал. Себебі, білім басқармаларының ақылы мектепте білім алатын аз қамтылған отбасыларының балаларына қаржы берілмейді деп бас көтерген аналар тиісті қаржыдан қағылып отырмыз дейді.
Ал, қалалық білім беру бөлімі мен облыстық білім басқармасы көтерілген мәселенің шешімін таппаған сыңайлы. Алайда, аналар өңіріміздегі 5 ақылы мектеп басшылығы қалалық білім басқармасына бағынбайды екен деп наразылығын білдіруде.
Ең қызығы берілетін қаржы әлі күнге дейін талқылану үстінде екен. Ал мектеп табалдырығын аттауға санаулы күндер қалып отыр. Берілетін көмекке арқа сүйеп отырған отбасы мүшелері балаларымызды оқу жылына дайындамай тиісті қаражатты күтіп отырмыз дейді.
Жуырда мектеп оқушыларын киіндіру үшін 36 000 теңге жеткілікті деген білім министріне біршама аналардың наразылығы туып отыр.
Расында, бүгінгі күні түбіртек ұсынбайтын жергілікті базар сатушыларының айтуынша, бала басына киім әперу үшін 70 мың теңге жұмсалатындығын атап өтті. Ендеше есептеп көрелік,
Мектеп оқушыларына берілетін қаражатты игерген ата-аналарға қойылатын талап та жоқ емес. Берілген қаражатқа балаларына алған оқу құралдарының есебін беруге міндеттелетін. Ол дегеніміз, арнайы алынған оқу құралдары мен мектеп формасының фотосы мен түбіртектерін сақтап өткізуі тиіс.