Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды

312

Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігі грант иегерлеріне арналған байқаудың қорытындысын жариялады деп хабарлады Opennews.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz агенттігіне сілтеме тастап.


 Фото: time.k

Биыл 154 мың талапкер ҰБТ тапсырып, 103 мыңнан аса адам шекті балл жинаған. Бұл – қатысушылардың 67 пайызы. Өткен жылмен салыстырғанда, аталған көрсеткіш 7 пайызға жоғары. Биыл орташа балл – 66.

Биыл 80 мыңға жуық талапкер білім грантына қатысу үшін өтінім берді. Құжаттар 13-22 шілде аралығында қабылданды. Үміткерлер арасында балл тең түскен жағдайда 20 мыңнан аса талапкер басымдыққа ие болады. Олар – «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздары және оқу озаттары.

Сонымен қатар халықтың әлеуметтік жағдайы төмен бөлігіне арналған грант көлемі де көбейді. Кәмелетке толмаған төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеп отырған отбасыларға гранттың жалпы көлемінен 5 пайыз, толық емес отбасыдан шыққан отбасыларға 1 пайыз, І, ІІ топ мүгедектерін тәрбиелеп отырған отбасыдан шыққан балаларға 1 пайыз көлемінде грант бөлінді.

Мемлекеттік білім грантына ие болғандар тізімін мына сілтемеден көре аласыз.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.