Қолледж студенттері ТМД-дағы киберқауіпсіздік турнирінде бірінші орынды иеленді
Елордадағы Жоғары политехникалық колледж студенттері киберқауіпсіздік бойынша GO CTF TATARSTAN 2025 II халықаралық турнирінде бірінші орынды иеленді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Финалға ТМД елдерінің ең мықты 20 командасы қатысқан.
GO CTF – XXI ғасырдың ең сұранысқа ие мамандықтарының бірі саналатын киберқауіпсіздік саласында цифрлық құзыреттерді дамытуға, командалық жұмысты жетілдіруге және жаңа мамандарды даярлауға бағытталған халықаралық чемпионат.
Astana Polytechnic студенттерінің бұл жеңісі «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында қолданбалы мамандықтардың сұранысқа ие әрі беделді екенін айқындап, қазақстандық жас мамандардың киберқауіпсіздік сияқты алдыңғы қатарлы бағыттарда халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін көрсетті.







