Қолледж студенттері ТМД-дағы киберқауіпсіздік турнирінде бірінші орынды иеленді

2 254

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Оқу-ағарту министрлігіЕлордадағы Жоғары политехникалық колледж студенттері киберқауіпсіздік бойынша GO CTF TATARSTAN 2025 II халықаралық турнирінде бірінші орынды иеленді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Финалға ТМД елдерінің ең мықты 20 командасы қатысқан.

GO CTF – XXI ғасырдың ең сұранысқа ие мамандықтарының бірі саналатын киберқауіпсіздік саласында цифрлық құзыреттерді дамытуға, командалық жұмысты жетілдіруге және жаңа мамандарды даярлауға бағытталған халықаралық чемпионат.

Astana Polytechnic студенттерінің бұл жеңісі «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында қолданбалы мамандықтардың сұранысқа ие әрі беделді екенін айқындап, қазақстандық жас мамандардың киберқауіпсіздік сияқты алдыңғы қатарлы бағыттарда халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін көрсетті.

– Біздің студенттер жұмысшы мамандықтар қазір тек дәстүрлі салалар ғана емес, сонымен қатар білімді, креативтілікті және командалық еңбекті талап ететін жоғары технологиялық бағыттар екенін дәлелдеді. GO CTF турниріндегі жеңіс – елдің цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа буын мамандарын қалыптастыруға қосқан үлес, – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.