Қанша талапкердің нәтижесі жойылды

241
Білім және ғылым министрінің орынбасары Қуаныш Ерғалиев Ұлттық бірыңғай тест тапсыру ережесін бұзған 1 226 талапкердің нәтижесі жойылғанын жеткізді.

Ерғалиевтің сөзінше, ұлттық бірыңғай тест тапсыруға тыйым салынған заттарды алып кіргені үшін биыл 756 талапкер ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылған.


 "Бұл былтырмен салыстырғанда 2 есеге аз көрсеткіш. Айта кетерлігі, өткен жылмен салыстырғанда ҰБТ кезінде тыйым салынған заттардың саны 3 есеге азайды", - дейді ол министрліктің аппарат жиналысында.


 Вице-министрдің айтуынша, биыл талапкерлер ҰБТ тапсыруға тыйым салынған 749 затты алып кірмек болған.


 "Тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін 1 226 адамның нәтижесі жойылды. Бұл өткен салыстырғанда 86 адамға көп", - дейді Қуаныш Ерғалиев. 
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.