Сыр елінің мектептері республикалық олимпиадада үздіктер қатарына енді
Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңін толық нәтижелеу үшін еліміздің 100 үздік олимпиадалық мектептер рейтингі жасалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Үздік олимпиадалық мектеп атану үшін республика бойынша 314 білім ордасы бақ сынасты. Олимпиада қорытындысы бойынша 1-орынды 4 мектеп, 2-орынды 9 мектеп, 3-орынды 14 мектеп иеленді. Рейтинг арнайы формула бойынша шығарылды. Алтын медаль 3 балға, күміс – 2 балға және қола – 1 балға бағаланады.
Нәтижесінде «Қазақстанның 100 үздік олимпиада мектебі» қатарына Сыр өңірінен 3 білім беру ұйымы енді. Олар – №9 және №10 дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаттары және Абай атындағы №138 орта мектеп.
Рейтинг формула бойынша шығарылды, мұнда алтын медаль 3 ұпаймен, күміс медаль 2 және қола медаль 1 ұпаймен бағаланады.
Айта кетейік, Қызылорда облысында 295 мемлекеттік және 24 жеке мектеп мектеп бар.