Оқушыларға арналған пәндік олимпиадалар жаңа форматқа ауысты

2 594

Оқу-ағарту министрлігіЕлімізде жыл сайын 17 наурызда өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды. Ол биыл алғаш рет бірден жеті өңірде өтеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл санитарлық, медициналық және өрт қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің барлық нормаларын күшейтуге мүмкіндік береді.


Жаратылыстану-математикалық бағыт:


17-21 наурыз күндері – Астана қаласында физика, математика;

24-28 наурыз күндері – Алматы қаласында информатика, география;

27-31 наурыз күндері – Павлодар қаласында химия, биология.


Қоғамдық-гуманитарлық бағыт:


1-5 сәуір күндері – Қостанай қаласында орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті;

7-11 сәуір күндері – Атырау қаласында қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті;

14-18 сәуір күндері – Өскемен қаласында Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері;

20-24 сәуір күндері – Петропавл қаласында ағылшын, неміс және француз тілдері.


Олимпиаданың республикалық кезеңіне барлығы 1668 оқушы қатысып жатыр. Жаратылыстану-математикалық - 946 және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша 772 оқушы бақ сынауда. Айта кетейік, қатысушылар арасында 87 олимпиадалық резерв мүшесі және ауыл мектептері арасындағы республикалық олимпиаданың 65 жеңімпазы бар.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.