Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға

896
№ 264 Тәкей Есетов атындағы мектеп-лицейдің физика пәнінің мұғалімі Асқарова Салтанат Ғалымжанқызы  ұстаздық жолда қызмет етіп, шәкірт тәрбиелеп келе жатқанына 10жыл. Ұлағатты ұстаз Салтанаттың атасы мен әжесі мұғалімдік қызмет атқарған. Ал қазіргі таңда ата жолын жалғап 1 ұлы, 5 немересі білім саласында қызмет атқаруда. Ұстаздық Асқаровтар отбасына атадан балаға беріліп келе жатқан мол байлық іспеттес.

Бұл мұғалімдік жолына өз қалауыңызбен келдіңіз ба? Әлде отбасыныздағы мұғалімдер династиясын жалғастырғыңыз келді ма?
Бала кезде бар бала мұғалім болуды армандап, қызығады. Әрине отбасымның осы салада қызмет атқаруы өз әсерін тигізді. Әжеміз кішкене кезімізден   әріп үйретіп, есеп шығартып білімге кұштар етіп өсірді. Оқушы кезімнен-ақ, бастауыш сыныпта оқып жүргенде, қасымда отыратын досыма сабақ үйретіп, есеп шығартатынмын.

Сіздің ойыңызша ұстаз деген кім және қандай болуы керек?
Ұстаз -  бұл ұлы есім. Ұстаздық қызмет қашан да мәртебесі жоғары сала. Ғалым да, шахтер де бас иіп, ұстаздың алдынан білім алады. Ұстазды қанша баланың сауатын ашып, тұлға ретінде тәрбиелеп,  қалыптастыратын, үлкен өмірге дайындайтын жан деп білемін. Әрбір ұстаз білімді, білікті болуы керек деп ойлаймын. Себебі,ұстаздың мойнында үлкен жауапкершілік бар. Мұғалім өзі білім беретін балаға, өз пәнін ұғындыра білу керек.

Пандемия білім саласына үлкен өзгерістер енгізгені анық. Онлайн оқу форматында қандай әдістерді немесе технологияларды қолданып, оқушыларды сабаққа қызықтырып, тарта білдіңіз?
2020 жылы, 16 наурызда пандемияға байланысты карантин жарияланып, барлық мектептер онлайн оқу форматына ауысты. Онлайн форматындағы оқудың пайдасы да, зияны да бар деп ойлаймын.Пайдасына келсек біз бұл онлайн оқуда әр түрлі оқу форматтарын қолдандық. Олар zoom, classrom, Bilimland, Darynonline,т.б.  Мектепте көпшіліктің алдында сабақ айтып, сөйлеуге қысылатын оқушылар, осы оқу форматтарында қымсынбай сөйлеп, ойларын анық айтып, өздерін басқа қырынан танытты.  Мектептегі оқу процесінде бізге ең тиімді  болғаны ол- Bilimland. Мұнда оқушылар түрлі қызықты видеолар қарап, тапсырмалар орындады. бұл бағдарлама оқушы үшін де, мұғалім үшін де тиімді болды.

Онлайн оқу форматында қандай да бір жетістіктеріңіз болды ма?
Облыстық ғылыми жобалар байқауында оқушыммен 1 орынды иелендік. Республикалық ғылыми жобалар байқауына жолдама алып, Қызылорда облысының намысын қорғап, жүлделі 3 орынды иелендік.Онлайн оқу кезінде авторлық бағдарламам жарық көрді. Осы кеге дейінгі  жасаған еңбектерім еленіп, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың алғыс хатымен марапатталдым. Бұл марапат арқылы мен жаңа бір серпіліс алып, өз- өзімді одан әрі де биік шыңдарға жетелуге мақсат қойдым.

Білім саласында қызмет жасап келе жатқанынызға 10 жылдан астам уақыт болыпты. Осы уақыт аралығындағы жеткен жетістіктеріңізбен бөліссеңіз? 
Көзді ашып - жұмғанша осы салада қызмет еткеніме он жылдан астам уақыт болыпты. Жетістіктер  жылдар бойы мектебіміз ұлттық бірыңғай тестілеуден  алдынғы қатарда. Оның ішінде қаншама оқушыларым физика пәнінен  грант  иегерлері  атануда.  Бұл әрбір ұстаз үшін еңбектің жемісі, мәртебе деп білемін. Республикалық ғылыми жобаларда да жүлделі орындардарды бағындырады.

Қазіргі таңда сабақ процесі кезінде карантин талаптары сақталған ба? Оқушылар маска тағып, арақашықтықты сақтайды ма?
Мектебімізде карантин талаптары қатаң сақталады. Мектепке кіргеннен арнайы құрылғымен температурамызды өлшейді. Арнайы дезинфекция шашатын тоннель орналастырылған. Барлық сыныптар антисептиктермен қамтамасыз етілген. Жиі-жиі тазалық жұмыстары жүргізіліп тұрады. Оқушылар мектепте маска тағып, арақашықтықты сақтап жүреді.
 
Өзіңіздің авторлық әдістемелік оқу құралдарыңыз бар деп едіңіз соған тоқталып кетсеңіз? Физика қандай ғылым?
Авторлық  әдістемелік оқу құралым “Физика пәнін ағылшын тілінде оқыту”, ал әдістемелік ол “Физика пәніндегі сыныптардан тыс  жұмыстарды ұйымдастыру”. Физика бұл эксперименттік ғылым.Теория мен практиканы ұштастыру. Яғни балаларға физика сабағын практика жүзінде өмірде қолдануға үйрету. Кез келген біздің жүрісіміз, іс-әрекетіміз барлығы физикалық процестер.

Сіздің ойыңызша  дәстүрлі оқу форматы дұрыс па, әлде қазіргі жаңартылған оқу  бағдарламасы оқушылардың білім алуына тиімді ма?
Жаңа формат тиімді деп ойлаймын. Қазіргі заман ағымына  сай цифрлы заманда, интернеттің  бар  мүмкіндігін пайдалану керек. Заман ағымына  сай  балалар жан-жақты қалыптасқан . Білім  алуға барлық жағдайлар жасалған. Дұрыс бағыт бағдар беру арқылы шәкіреттерді биік шыңдарға жетелеуге болады.
 
 Балжан АРЫСБАЙ