2–6 жас аралығындағы балалардың балабақшаға кезек күтуі екі есе қысқарды

1 538

Фото: Оқу-ағарту министрлігі2025 жылы 2–6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту деңгейі 95,9 пайызға жетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері мәлімдеді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның дерегінше, 2019 жылдан бері мектепке дейінгі ұйымдар саны 8,6 пайызға артып, 10 650-ден 12 мыңға дейін көбейген. Қазіргі таңда бұл мекемелерде 1 миллионнан астам бала тәрбиеленуде.

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекованың айтуынша, Президент тапсырмасы негізінде 2023–2027 жылдарға арналған қадамдық жоспар жүзеге асырылып жатыр. Жоспар бойынша 2027 жылға дейін 300 мың жаңа орын ашылуы тиіс.

«2023 жылдан бері 182 мың жаңа орын іске қосылды. Биыл жалпы кезектілік өткен жылмен салыстырғанда 33,3 пайызға азайды, ал 2–6 жас аралығындағы балалар кезегі екі есеге қысқарды», – деді вице-министр.

Министрлік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын тұрақты қолдау жалғасып жатқанын атап өтті. 




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.