Сыныпта оқушыларға маска тақпай отыруға рұқсат етіледі

400
Оқушыларды 40 минут бойы маска тағып отыруға мәжбүрлеу – қиын. 

«Еліміздің бас санитар дәрігерінің 25 наурызда қабылдаған қаулысы «жасыл» және «сары» аймақтағы мектептерге ғана қатысты. Осыған байланысты «Сыныпта маска тақпай отыруға болады» деген шешімнің «қызыл» аймақта орналасқан мектептерге қатысы жоқ», - дейді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің тамақтану, білім және тәрбиелеу объектілерін санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Марал Рахымжанова. 

Оның айтуынша, оқушыларды 40 минут бойы маска тағып отыруға мәжбүрлеу – қиын.
 «Тамақтанатын жерде маска шешіп отыруға болатыны сияқты, сабақ оқып отырған кезде де маска шешіп отыруға болады. Біріншіден, әр сабақ әрі кетсе 40 минутқа созылады және әр пәннен кейін үзіліс болып отырады», - дейді ол.