ҰБТ-дан жоғары балл жинаған екі түлектің нәтижесі жойылды
628
Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеуден 154 мың талапкер екі мүмкіндікті қатар есептегенде 276 мың рет тест тапсырған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, 3179 оқушы 120 балдан жоғары жинаған. Биыл ҰБТ-ға тыйым салынған заттарды кіргізу және ҰБТ ережелерін бұзу бойынша 327 жағдай тіркелген.
«Тестілеу қорытындысы бойынша 103 мыңнан астам талапкер шекті балл жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының 67%-ын құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7%-ға жоғары болды. Тестіленушілердің 51 мыңға жуығы (33%-ы) шекті балл жинай алмады. ҰБТ орташа балы 66 балды құрады.
Биыл ең жоғары балл 139 болды. Жоғары балды Қазақстан бойынша 3 талапкер жинады. Бірақ өкінішке қарай, екі талапкердің 139 балға академиялық адалдықты сақтамай, ереже бұзу арқылы қол жеткізгені анықталып, екеуінің де нәтижесі жойылды. Қазір үшінші талапкердің нәтижесі тексеріліп жатыр», - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры.