ҰБТ-дан жоғары балл жинаған екі түлектің нәтижесі жойылды

636

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеуден 154 мың талапкер екі мүмкіндікті қатар есептегенде 276 мың рет тест тапсырған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Тестілеу қорытындысы бойынша 103 мыңнан астам талапкер шекті балл жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының 67%-ын құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7%-ға жоғары болды. Тестіленушілердің 51 мыңға жуығы (33%-ы) шекті балл жинай алмады. ҰБТ орташа балы 66 балды құрады.
Биыл ең жоғары балл 139 болды. Жоғары балды Қазақстан бойынша 3 талапкер жинады. Бірақ өкінішке қарай, екі талапкердің 139 балға академиялық адалдықты сақтамай, ереже бұзу арқылы қол жеткізгені анықталып, екеуінің де нәтижесі жойылды. Қазір үшінші талапкердің нәтижесі тексеріліп жатыр», - 
деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры.

Белгілі болғандай, 3179 оқушы 120 балдан жоғары жинаған. Биыл ҰБТ-ға тыйым салынған заттарды кіргізу және ҰБТ ережелерін бұзу бойынша 327 жағдай тіркелген.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.