ТОП–100 студент»: үздік колледж студенттері туралы электрондық журнал жарық көрді

2 258

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Оқу-ағарту министрлігіОқу-ағарту министрлігіне қарасты «Talap» КЕАҚ колледждердің «ТОП-100 студенті» республикалық байқауының қорытындысы бойынша электрондық журнал жасады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

— Электрондық журналда байқаудың мақсаты мен міндеттері, ұйымдастырушы, оператор, серіктестері мен қатысушылары ақпарат жинақталған. Әсіресе еліміздің 100 үздік колледж студенті туралы мәліметтерге ерекше назар аударылған. Журналда олардың аты-жөні, оқу орны, мамандығы, іріктеу принциптері, жетістіктері, қоғамдық белсенділігі, сондай-ақ жобаларды іске асыру нәтижелері — жұмысқа орналасуы, тренингтер мен кәсіби даму бағдарламаларына қатысуы туралы ақпараттар қамтылған, — деп атап өтті Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Әсет Мұхамбетов.

Электрондық журнал «Talap» КЕАҚ-ның www.talap.edu.kz ресми сайтында жарияланып, студенттерге, оқытушыларға, колледж өкілдері мен жұмыс берушілерге қолжетімді болады.

Айта кетейік, Оқу-ағарту министрлігі осы жылдың наурыз айында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында «ТОП–100 студент» республикалық байқауының басталғанын жариялаған болатын.

Байқаудың мақсаты — техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі дарынды әрі болашағы зор студенттерді анықтау және қолдау.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.