Елімізде балалар жазда сабақ оқитын болды

1 045

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Былтыр тәжірибе ретінде енгізілген "жазғы мектеп" биыл да жалғасатын болды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Каримованың айтуынша, жазғы мектеп пандемия кезінде оқу үлгерімі нашарлаған оқушыларға арналған.

Жазғы мектептегі сабақ 1-8 және 10 сынып оқушылары үшін 26 мамырдан 17 маусымға дейін болады. Ал 9 және 11 сынып оқушылары бұл кезде мемлекеттік емтихандар тапсырады.

Жазғы мектептің мақсаты — оқу пәндері бойынша оқушылар арасындағы білім алшақтығын жою. Оқушылар өз білімін әр бағыт бойынша толықтырып, жетілдіріп, көтеріп алады. Сабақтар ақысыз өтеді. Әр мектеп өзіне ыңғайлап сабақ кестесін жасайды,— деді Гүлмира Каримова.

Оның айтуынша, мектептер жазғы уақытты пайдалы әрі тиімді өткізу үшін бұған дейін де жазғы лагерь мен мектеп ұйымдастырып келген. Мұндай форматтағы сабақтарды жеңіл әрі ойын түрінде өткізуге мүмкіндік береді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.