«Шетелдегі қазақ балалары» елге келіп, қазақ тілін оқитын болады

2 523

Фото: jibek_joly.tv«Шетелдегі қазақ балалары» елге келіп, қазақ тілін оқитын болады. Қазақ мәдениетімен танысады, қазақтың тарихын біледі. Бұл қуанышты жаңалықты «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы Жанар Байсеміз әлеуметтік желіде бөлісті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Қазіргі уақытта әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ресми хат дайындап жатыр. Университеттің атынан Гүлшара Асылбайқызы осы іске жанын салып, кірісіп жатыр. Хат дайын болған соң шет елдегі ҚР елшіліктеріне жолдаймыз. Шетелдегі қазақ балалары жобасының осылай жалғасып жатқанына бек ризамын. 

Шетелдіктер асырап алған қазақстандық балалардың елде қиналмай жүруіне барлық жағдай жасалады. Олардың жол шығыны, визасы төленеді. Үш мезгіл тамақ, жатақхана тегін беріледі+стипендия алады. Ұзақ уақытқа келе алмайтындары үш ай, уақыты барлары тоғыз ай оқиды. Елге келіп, ана тілін үйренуге Талғат, Сардар, Әнел және Сұлтан құлшынып отыр. Сабина да келуі мүмкін. Әнел тоғыз айға келгісі келіп жатыр. Талғат, бүгін қашан келе аламыз, деп сұрап жатыр», - деп жазды жоба авторы өзінің желідегі парақшасында.