Оқушылар TopIQ.kz платформасында электронды оқулықтарды қолдана алады
975
Қазақстандық оқушылар мен ұстаздар TopIQ.kz платформасындағы электронды оқулықты пайдалана алады. Бұл платформаны Алматыкітап баспасының мамандары жасап шыққан.
Мамандардың пікірінше, алғашқы отандық интернет-ресурстың берері мол. Мұнда елімізде тіркелген баспалардың электронды оқулықтары шоғырланады. Сөйтіп оқу әдебиеттері шығарылады.
Әсима Рысқұлбекова, «Алматыкітап баспасы» цифрлық орталығы цифрлау бөлімінің басшысы:
– Кітаптарды электронды жүйелермен толықтыру ұтымды ой екеніне сенімдімін. Бала кезде қағаз бетінен ғана оқитын едік.
Платформаның тұсаукесері ерекше форматта өткізілді. Оның голографиялық таныстырылымында заманауи цифрлық оқулықтың мүмкіндіктері толық көрсетілді. Себебі бұл кітаптар таным көкжигегі кең, мазмұнды білім алатын заманауи мектеп оқушыларына арналған. Мұнда видео, аудиоматериалдар, графикалар және зияткерлік бағдарламалар бар. Жаңа үлгідегі оқулық баланың білімге құштарлығын арттырып, жігер берсе, ұстаздың уақыт пен күшін үнемдеуге септігін тигізеді. Өйткені электронды оқулық әр оқушымен жеке немесе топтық жұмыс істеуге де мүмкіндік береді.
Тағы бір ерекшелігі, бұл платформаны қолдану оңай. Оны қашықтан да, дәстүрлі оқу форматында да пайдалануға болады.
TopIQ.kz платформасы Қазақстан мектептерінің апробациясынан сәтті өткен және қолданысқа толық дайын.