Қазақстандық оқушылардың туындысы әлемдегі ең үздік 100 жоба қатарына енді

2 657

Фото: ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАтырау «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары Хайдар Атағұлла мен Қайырхан Лұқпановтың «Ақылды көзілдірік» жобасы 2024 жылғы 100 Rise Global Winners тізіміне енді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

ЦДИАӨМ ақпаратына сәйкес, бұған дейін жоба Jasscience-2024 байқауында жеңіске жетіп, Хайдар Атағұлла кез келген университетте тегін оқу мүмкіндігіне ие болған.

Балалардың жасаған құрылғысы RikaAI жасанды интеллект негізінде әзірленген, ол интуитивті басқаруды ұсынады және құлаққап арқылы дауыстық пәрмендермен әрекеттеседі.

Функционалы:

ChatGPT немесе Wikipedia секілді сұрақтарға жауап беру;

Мәтінді сканерлеу және оқу арқылы күнделікті тапсырмаларды жеңілдету;

Көру қабілеті шектеулі адамдарды құлаудан қорғау үшін кедергілерді анықтау;

Бөлмеде оңай бағдар алуға көмектесу үшін қоршаған ортаны сипаттау.