Тәрбиешілерге жалақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілмек

289

Фото: https://goroo-atyrau.kz/janalyktarr.html?start=40Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов балабақша тәрбиешілеріне еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі сынақтан өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



«Бүгінгі таңда балабақшаларда бір педагогке 25 баладан келеді. Педагог пен бала арасындағы сапалы қарым-қатынастың, бір мұғалімге жүктелетін жүктеменің салдарынан әр балаға көбірек көңіл бөлу мүмкіндігі шектеулі. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерін аттестаттау жүйесі жаңартылып, олардың жалақысы көтеріледі. Сондай-ақ, тәрбиешілердің жүктемесі азайтылады. Бұл мектепке дейінгі тәрбиешілерге балаларға көбірек көңіл бөлуге және дамыту мен оқыту іс-шараларының тиімділігін арттыруға көбірек мүмкіндік береді. Қазір бірнеше балабақшада пилоттық жоба жүргізіліп жатыр. Оның аясында тәрбиешілерге еңбекақы төлеу жүйесі сынақтан өтіп жатыр. Сонымен қатар, пилоттық жобаның қорытындысы бойынша мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің еңбекақысын арттыру бойынша есеп ұсынылады. Нормативтік құқықтық актілерге де өзгерістер енгізіледі», - деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.


Сондай-ақ, ведомство басшысы 10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағатын көбейту жоспарланып отырғанын айтты.