Қазақстан мен Израиль инклюзивті білім беру саласында меморандумға қол қойды
Қазақстан мен Израиль ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту және қолдау саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Құжатқа Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен Израиль мемлекетінің Аймақтық ынтымақтастық министрлігі, Білім министрлігі, Халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі агенттігі және Сыртқы істер министрлігі қол қойды.
Меморандумның негізгі мақсаты – инклюзивті білім беруді дамыту арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға тең негізде сапалы білім алуға мүмкіндік жасау. Құжат аясында тараптар тәжірибе және білім алмасу, педагог мамандардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ екі елдің сарапшылары мен ұйымдары арасындағы кәсіби байланысты нығайту бағытында жұмыс жүргізеді.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, бұл келісім екі ел арасындағы практикалық әріптестікті жаңа деңгейге шығарады:
Соңғы жылдары Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесі белсенді дамып келеді. Ел бойынша арнайы білім беру ұйымдарының, психологиялық-педагогикалық қолдау орталықтарының және ресурстық кабинеттердің саны артып, мектептерде кедергісіз білім беру стандарттары енгізілуде.
Айта кетейік, биыл қазан айында елімізде алғаш рет Бүкіәлемдік инклюзивті білім беру конгресі өтіп, халықаралық сарапшылар мен педагогтер тәжірибе алмасқан болатын.







