ҚАЗТЕСТ сертификаттары электрондық форматқа көшірілмек

432
Енді ҚАЗТЕСТ сертификаттары Ұлттық тестілеу орталығының certificate.testcenter.kz сайты арқылы электрондық форматта беріледі, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, ҚАЗТЕСТ электрондық сертификатында алушының деректері, жинаған балы, жарамдылық мерзімі және QR-коды көрсетіледі, оны сканерлеу арқылы құжаттың түпнұсқалығын тексеруге болады.

Бұған дейін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат қағаз түрінде берілетін. Енді докторантураға түсушілер, «Болашақ» бағдарламасының үміткерлері және басқалары ҚАЗТЕСТ сертификаттарын электрондық форматта алатын болады. Алайда, жарамдылық мерзімі өтпеген қағаз нұсқадағы сертификаттардың жарамдылығы сақталады, - деп атап өтті ҰТО директоры Руслан Емелбаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.