ҚАЗТЕСТ сертификаттары электрондық форматқа көшірілмек
436
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Енді ҚАЗТЕСТ сертификаттары Ұлттық тестілеу орталығының certificate.testcenter.kz сайты арқылы электрондық форматта беріледі, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, ҚАЗТЕСТ электрондық сертификатында алушының деректері, жинаған балы, жарамдылық мерзімі және QR-коды көрсетіледі, оны сканерлеу арқылы құжаттың түпнұсқалығын тексеруге болады.
Бұған дейін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат қағаз түрінде берілетін. Енді докторантураға түсушілер, «Болашақ» бағдарламасының үміткерлері және басқалары ҚАЗТЕСТ сертификаттарын электрондық форматта алатын болады. Алайда, жарамдылық мерзімі өтпеген қағаз нұсқадағы сертификаттардың жарамдылығы сақталады, - деп атап өтті ҰТО директоры Руслан Емелбаев.
Қаз
Рус






