Мұғалім мектепке мас болып келген

2 554

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ar.egemen.kzАқтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қызметкері мектепке мас күйде келгені көрінетін видео тарады, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Оқушылар мұғалімнен жағдайды сұрағанда, ол ішімдік ішкенін жоққа шығармай, «солай болып қалды» деп кешірім сұрады.

Оқушылардың айтуынша, бұл жағдай бұрын да қайталанған. Олар қызметкер балаларға дөрекілік көрсетіп, жанжал шығарғанын мәлімдеді.

НЗМ директоры Ринат Жұмабаев ішкі тексеріс басталғанын хабарлады. Дәлелденсе, Еңбек кодексіне сәйкес жұмыстан босатуға дейінгі шаралар қабылданады.

Маңғыстау облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті жағдайды бақылауға алып, мән-жайды анықтауға кірісті. Тексеріс қорытындысы әлі жарияланған жоқ.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.