Қазақстан мен Израиль инклюзивті білім беру саласында меморандумға қол қойды

2 568

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Оқу-ағарту министрлігіҚазақстан мен Израиль ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту және қолдау саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Құжатқа Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен Израиль мемлекетінің Аймақтық ынтымақтастық министрлігі, Білім министрлігі, Халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі агенттігі және Сыртқы істер министрлігі қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты – инклюзивті білім беруді дамыту арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға тең негізде сапалы білім алуға мүмкіндік жасау. Құжат аясында тараптар тәжірибе және білім алмасу, педагог мамандардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ екі елдің сарапшылары мен ұйымдары арасындағы кәсіби байланысты нығайту бағытында жұмыс жүргізеді.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, бұл келісім екі ел арасындағы практикалық әріптестікті жаңа деңгейге шығарады:

«Бұл Қазақстан үшін инклюзивті білім беру саласындағы серіктестік байланыстарды тереңдетудің маңызды қадамы. Біз ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту тәжірибесін жетілдіруге және мамандардың кәсіби әлеуетін арттыруға мүдделіміз», – деді министр.

Соңғы жылдары Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесі белсенді дамып келеді. Ел бойынша арнайы білім беру ұйымдарының, психологиялық-педагогикалық қолдау орталықтарының және ресурстық кабинеттердің саны артып, мектептерде кедергісіз білім беру стандарттары енгізілуде.

Айта кетейік, биыл қазан айында елімізде алғаш рет Бүкіәлемдік инклюзивті білім беру конгресі өтіп, халықаралық сарапшылар мен педагогтер тәжірибе алмасқан болатын.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.