Бұдан былай ЖОО ректорлары жыл сайын халыққа есеп беретін болады

240

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Енді университет ректорлары жыл сайын халық алдында есеп беретін болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі кезіндегі қызметі туралы есеп берген Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.



«Жоғары оқу орындары коммерциялық емес акционерлік қоғам формасына көшірілді. Бұл түскен табысты мемлекеттік бюджетке жібермей, университетті дамыту үшін бағыттауға мүмкіндік береді. Корпоративтік басқару – университеттерді дамытудың өте перспективалы құралы. Әрине, бұл реформа барлық ректордың көңілінен шықты деп айту қиын, өйткені енді университет бюджетін тек ректор бір өзі ғана бақылап, басқара алмайды», - деп жазды министр Facebook парақшасында.

Аймағамбетовтың айтуынша, Директорлар кеңесі мен ЖОО басқармалары ректор өз позициясын қорғай алатын алқалы органдар ретінде әрекет етеді. Директорлар кеңесіне азаматтық қоғам өкілдерінің көптеп тартылғаны да өте маңызды.

«Енді ұлттық жоғары оқу орындары ғана емес, барлық университеттің ректорлары жыл сайын қол жеткізген академиялық көрсеткіштер жайында ғана емес, бюджеттің атқарылуы туралы да халық алдында есеп беруге тиіс», - деді ведомство басшысы.
 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.