Университет қызметкері студенттерді грантқа ауыстырамын деп алдаған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Астанада студенттер мен олардың ата-аналарын алдап, грантқа ауыстыру жөнінде уәде беріп, ақшаларын иемденген бұрынғы ЖОО қызметкері сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу секторында жұмыс істеген бұрынғы қызметкер студенттер мен олардың ата-аналарын академиялық үлгерім, грантқа ауыстыру және стипендияны қайтару мәселелерін "шешіп" бере алатынына сендірген.
Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді. Жәбірленушілерге келтірілген шығын өтелді.
Күдікті кінәсін мойындаған. Оның кәмелетке толмаған балалары болуы ескеріліп, сот 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын кесті, тағайындалған мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.
Үкім заңды күшіне енді.
Қаз
Рус






