Нұр-Сұлтан қаласының оқушылары 31 қаңтарға дейін онлайн оқу жүйесіне көшірілді

405

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Нұр-Сұлтан қаласының оқушылары 31 қаңтарға дейін онлайн оқу жүйесіне көшті, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың айтуынша, қалада коронавирус ауруының артуына байланысты мектеп оқушыларын 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін онлайн оқуға көшіру туралы шешім қабылданған.
Еске салайық, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният омикрон штамының табылуына байланысты эпидемиологиялық жағдайға болжам жасаған болатын.
“Оптимистік сценарий кезінде ревакцинациямен 100% қамтылғанда және профилактика шараларын жаппай сақтағанда, тәулігіне 17 мыңнан астам жағдай тіркелуі мүмкін. Реалистік сценарийге сәйкес, ревакцинациямен 70%-ке дейін қамтылғанда, профилактика шараларын ішінара сақтағанда, тәулігіне 25,5 мың жағдайға дейін тіркеледі”, – деген министр үкімет отырысында.
Карантиндік шектеулерді күшейту туралы Алматы Бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Садуақас Байғабылов та мәлімдеген.
Оның айтуынша, жаңа жылдың басынан бері "омикрон" штаммының таралуы салдарынан, қала тұрғындары арасында күн сайын сырқаттанушылар саны артып келеді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.