Университет қызметкері студенттерді грантқа ауыстырамын деп алдаған

2 238

Фото: MidjourneyАстанада студенттер мен олардың ата-аналарын алдап, грантқа ауыстыру жөнінде уәде беріп, ақшаларын иемденген бұрынғы ЖОО қызметкері сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу секторында жұмыс істеген бұрынғы қызметкер студенттер мен олардың ата-аналарын академиялық үлгерім, грантқа ауыстыру және стипендияны қайтару мәселелерін "шешіп" бере алатынына сендірген.

"2023-2024 жылдар аралығында ол алаяқтық жолмен 3 млн теңгеден аса қаржыны иемденгені анықталды. Оның әрекетінен 15 адам зардап шеккен", - деп жазылған хабарламада.

Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді. Жәбірленушілерге келтірілген шығын өтелді.

Күдікті кінәсін мойындаған. Оның кәмелетке толмаған балалары болуы ескеріліп, сот 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын кесті, тағайындалған мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.  


Үкім заңды күшіне енді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.