Мектеп директоры өзіне салынған айыппұлды төлеу үшін мұғалімдерден ақша жинаған

651
Маңғыстауда мектеп директоры өзіне салынған айыппұлды төлеу үшін мұғалімдерден ақша жинаған, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі. 

«11 арыз-шағым түсті. 6 жоспардан тыс тексеру жүргіздік. Анықталғанындай, бір мектептің директоры өзіне бөлінген сабағын өткізбеген, сол арқылы жалпыға білім беру стандартының талаптарын бұзған. Сол мектепте «Педагог мәртебесі туралы» заң талаптары да бұзылған. Директор мұғалімдерге мектепке қажетті құрал алуға тапсырма берген. Сондай-ақ, мектеп әкімшілігі мұғалімнің 3 сағат жүктемесін заңсыз алып, оқу бағдарламасы орындалмаған. Сонымен қатар, тағы бір мектеп басшысы өзіне салынған айыппұлды төлеу үшін мұғалімдерден ақша жинаған. Соған сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды», - деді облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Есболат Өмірзақ өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингіде.

Жоспардан тыс тексеру барысында бір колледж басшысының атқаратын қызметіне бейіні сәйкес келмейтін мамандарды жұмысқа қабылдағаны расталды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.