Мыңнан астам білім алушы президент стипендиясының иегері атанды

2 535

Мыңнан астам білім алушы президент стипендиясының иегері атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


 Ведомство мәліметіне сүйенсек, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің бұйрығымен 2023 жылы президент стипендиясы еліміздің 55 жоғары оқу орнында 1005 студент пен 7 магистрантқа тағайындалған. Бакалавр студенттері үшін президент стипендиясының мөлшері – 73 320 теңге, магистранттар үшін – 173 974 теңге. 

Министрлік президент стипендиясын тағайындаудағы мақсат – білім алушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым дарынды және қабілетті студенттер мен магистранттарды қолдау, сондай-ақ зияткерлік әлеуетті қалыптастыруға жәрдемдесу екенін атап өтті. 

Стипендиаттар үшін іріктеудің негізгі критерийі - тек "өте жақсы" (А, А -) оқу. Сондай-ақ студенттер мен магистранттардың республикалық және халықаралық олимпиадалардағы, шығармашылық конкурстардағы, спорттық жарыстардағы, фестивальдардағы жетістіктері ескеріледі. 

Бұдан бөлек, ашылулар мен өнертабыстардың авторлары стипендия иегерлері бола алады. Президент стипендиясы 3 курстан бастап күндізгі бөлімде оқитын студенттерге және екінші курстан бастап магистранттарға тағайындалады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.