Премьер-министр балаларының қайда оқитынын айтты

458

Премьер-министр Әлихан Смайылов балаларының қайда оқитынын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Мәжілісте тілшілер Үкімет басшысынан "балаларының қайда білім алатынын?" сұрап көрді. 

"Әрине, елдегі білімге де, денсаулық сақтау саласына да сенім артамыз. Жеке өзім және отбасым осында, Қазақстанда емделеміз. Мен Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім алдым. Балаларым қазір Астанада мемлекеттік мектепте білім алып жатыр", - деді Үкімет басшысы тілшілерге берген сұхбатында.


Айта кетсек, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бұған дейін Кипрда оқитын балаларын 26 маусымда Қазақстандағы мектепке қайтаратынын мәлімдеген. Тіпті журналистерге фотомен есеп беруге де уәде берген еді. Ал 13 қыркүйекте үкімет кулуарында журналистер осы жөнінде сұрағанда Саясат Нұрбек жеке мәселесіне араласпауын айтып, сұраққа жауап бергісі келмеді. Кейін балалары Кипирдегі оқуын жалғастыратынын айтып, бұл ісін білімнің сапасы жоғары әрі арзан екенімен түсіндірді. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.