Қазақстан алғаш рет африкалық мұғалімдерді оқытуды бастады

2 526

Фото: Назарбаев Зияткерлік мектептеріҚазақстанда алғаш рет «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығы Африка континентіндегі шетелдік әріптестерді оқытуды бастады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл - орталықтың жаңа халықаралық жобасы, оның аясында қазақстандық зияткерлік технологияларды жаһандық білім беруге тарату жалғасуда.


Екі апта бойы Малавидің Лилонгве қаласындағы мұғалімдердің үлкен тобы Астанаға күн сайын онлайн қосылатын болады. Наликуле (Nalikule College of Education)⠀педагогикалық колледжінің мұғалімдері өз зерттеу қызметтеріне Lesson Study және Action Research тәсілдерін енгізудің негізгі алгоритмдерін меңгереді.


Онлайн-семинардың ашылуында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин мұғалімдердің кәсіби дамуының маңызы мен шетелдік әріптестерді оқытудағы NIS-тің жүйелі жұмысын атап өтті. Африкалық тараптың отандық білім беруді табысты реформалауға және кең ауқымды ынтымақтастыққа деген үлкен қызығушылығын Білім министрлігінен Левис Энея, Педагогикалық білім және даму дирекциясынан Зизва Мсукума және Наликуле педагогикалық колледжінің директоры Элизабет Меке растады. Малави өкілдері Астанада дәстүрлі Дүниежүзілік Lesson Studies қауымдастығы конференциясының өтетінінен ерекше шабыттанғанын, оған барлығы қатысуды армандайтынын мойындады.


Африкалық әріптестерімен Нидерландының Зволлесінде WALS эстафетасын қабылдау кезінде таныстық, – деп атап өтті Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жанбота Кабдыкаримова: – Сол кезде бірнеше елдің өкілдері Орталықтың халықаралық жобаларына қызығушылық танытып, оқыту туралы ұсыныс тастады. Орталық партасына бірінші болып елордалық Наликуле педагогикалық колледжінің өкілдері отырды.


Педагогикалық шеберлік орталығының жаңа серіктесі – Жапонияның техникалық қолдауымен салынған, ел үкіметі құрған Малавидің Білім, ғылым және технологиялар министрлігіне қарасты беделді Наликуле білім беру колледжі. Ұлттық білім берудегі инновациялық орталықтардың бірі ретінде танылған ол жаратылыстану-математика пәндерін оқытуға ден қойған.


Наурыз айында Малави мұғалімдері Астанада оқуын жалғастырады, сонымен қатар Қазақстанның орта білім беру жүйесін зерттейді деп жоспарлануда.


Жаңа халықаралық жоба Lesson study-дің жаһандық елшісі ретінде танылған Педагогикалық шеберлік орталығының табысты миссиясын тағы бір рет дәлелдеді. Қыркүйек айында Астанада сабақты зерттеуге маманданған ең озық сарапшылар мен практиктер дәстүрлі WALS (Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығы) конференциясында бас қосады. Қазақстанға Ұлыбритания, Сингапур, Жапония, Финляндия, Малайзия, Австрия, Қытай, Америка Құрама Штаттары, Гонконг, Түркия, барлығы 50-ден астам елдің өкілдері ұшып келеді деп жоспарлануда.

Педагогикалық шеберлік орталығы он жылдан астам отандық және әлемдік білім беруге «Lesson study» жаһандық трендін енгізумен табысты айналысып келеді. Оқыту орталығында осы жылдар ішінде Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Якутия-Саха елдерінен келген шетелдік әріптестер білім алды.


Қазіргі уақытта Еуропалық Одақпен бірлесіп Орталықтың тағы бір халықаралық жобасы – Тәжікстанның Білім және ғылым министрлігіне, сондай-ақ уәлаяттардың педагогикалық саланың бөлімдеріне арналған «Болашақ педагогикасы: заманауи мектептердің шешімдері» атты тақырыптық семинар жоспарланған.