Мектеп түлектері бакалаврды «Болашақпен» шетелде оқи алады
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бакалавр деңгейінде білім алғысы келетін талапкерлер де «Болашақ» бағдарламасына қатысатынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Баспасөз мәслихатында БАҚ өкілінің сұрағына берген жауабында ведомство басшысы мұндай шешім былтыр қабылданғанын айтты.
Республикалық комиссияның сол шешімін іске асыру үшін білім туралы заңнамаға өзгеріс енгізу қажет көрінеді.
Бірақ «Болашақтан» үміткер бакалавр талапкері халықаралық олимпиадаларда жүлде алған, ғылыми конкурстарда жеңімпаз атанған болуы шарт.
Ондай сайыстардың тізімін республикалық комиссия бекітеді.
Сондай-ақ, өз күшімен әлемнің жетекші оқу орындарынан шақырту алған мектеп оқушылары да «Болашақ» бағдарламасына қатыса алады.