Мектеп түлектері бакалаврды «Болашақпен» шетелде оқи алады

2 535

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: bolashak.gov.kzҒылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бакалавр деңгейінде білім алғысы келетін талапкерлер де «Болашақ» бағдарламасына қатысатынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Баспасөз мәслихатында БАҚ өкілінің сұрағына берген жауабында ведомство басшысы мұндай шешім былтыр қабылданғанын айтты.


Республикалық комиссияның сол шешімін іске асыру үшін білім туралы заңнамаға өзгеріс енгізу қажет көрінеді. 


«Былтыр жыл аяғына қарай Парламентке тиісті заң жобасын енгізгенбіз. Депутаттар қолдап, өз түзетулерін қосып, біз келіскенбіз. Үкіметтің қорытындысы парламентте жатыр. Парламенттің жаңа сессиясы басталғаннан кейін бұл іске қайта кірісеміз. Биыл заң қабылдануы керек. Осылайша „Болашақ“ бағдарламасына „бакалавриат“ санатын қайта қосамыз», — деді Саясат Нұрбек. 


Бірақ «Болашақтан» үміткер бакалавр талапкері халықаралық олимпиадаларда жүлде алған, ғылыми конкурстарда жеңімпаз атанған болуы шарт. 


Ондай сайыстардың тізімін республикалық комиссия бекітеді. 


Сондай-ақ, өз күшімен әлемнің жетекші оқу орындарынан шақырту алған мектеп оқушылары да «Болашақ» бағдарламасына қатыса алады.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.