ҰБТ тапсыратын түлек өзімен қандай құжат алып келу керек?

2 608

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ашық дерек көзіҰлттық тестілеу орталығы ҰБТ тапсыратын 16 жастан асқан және 16 жасқа толмаған түлектерден қандай құжат сұралатынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше 16 жасқа толған ҰБТ тапсырушыдан бір ғана құжат талап етіледі. Ол тұлғаның жеке басын куәландыратын - жеке куәлік (паспорт). Бітіруші құжатын eGov, Kaspi.kz және Halyk қосымшалары арқылы электронды форматта да ұсынуға құқылы.

Ал ҰБТ тапсыру кезінде 16 жасқа толмаған түлек туу туралы куәлік және көлемі 3х4 түрлі түсті фотосы бар мектептен анықтама алып келу керек.

«Құжаттармен қоса, тестілеуге қатысушылар өздерімен бірге қалам, қажет болған жағдайда су бөтелкесі мен шоколад кіргізуге рұқсат етіледі. Басқа заттардың барлығына тыйым салынған және оларды алып кіруге тырысу тестілеу ережелерін бұзу болып саналады. Жұмыс үшін парақтар емтихан орнында ұсынылады», деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Орталық тест тапсырушы ҰБТ тапсырғанда ыңғайлы әрекет ету үшін еркін киім киюге тыйым салынбайтынын да еске салды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.