Ауыл мектептері арасында Республикалық олимпиаданың екінші кезеңі басталды

2 289

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі8-10 қазан аралығында Қазақстанда ауыл мектептерінің 9-11(12)-сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңі өтіп жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Олимпиаданың басты мақсаты — ауыл мектептерінің оқушылары үшін тең мүмкіндік қалыптастыру, дарынды әрі академиялық қабілеті жоғары балаларды қолдау және олардың зияткерлік әрі кәсіби дамуына жағдай жасау.

— Екінші кезеңге бірінші турда бақ сынаған 83 мың қатысушының ішінен іріктелген 62 мыңнан астам оқушы қатысып жатыр. Сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына және қатысушыларға жайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылған. Олимпиада 13 пән бойынша — алтауы жаратылыстану-математикалық және жетеуі қоғамдық-гуманитарлық бағытта — төрт кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңге қатысу үшін smart.daryn.kz сайтында 125 мыңнан астам оқушы тіркелді, — делінген хабарламада.

Аудандық сайыстың жеңімпаздары үшінші (облыстық) кезеңге қатысады. Ол қараша–желтоқсан айларында дәстүрлі форматта, екі тур бойынша өтеді. Ережеге сәйкес, әр облыстан 780 оқушы қатысады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.