Димаш Құдайберген «Болашақ» стипендиясына ие болды

494

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Димаш Құдайберген «Болашақ» стипендиясына ие болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды. Республикалық комиссия шешімімен биылғы халықаралық стипендия 178 адамға тағайындалды.

Оның ішінде 60 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасына, 8 адам докторантурасына түсті. Сондай-ақ, 110 стипендиат «Тағылымдама» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырады.

Аталған стипендияға ие болғандардың тізімінде белгілі әнші Димаш Құдайберген де бар. Бірақ қандай оқу орнына түскені белгісіз.

Айта кетсек, «Болашақ» стипендиясының иегерлері әлемнің 20 елінде академиялық білім алады және тағылымадаман өтеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау процесі іске қосылды. Енді басымдық инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға беріледі.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.