ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орындарына түсуге болады - министр

565

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:https://farabi.university/news/88132Еліміздің атынан халықаралық пәндік олимпиадаларға қатысып, жеңімпаз атанған оқушыларға ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі беріледі. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Дарынды балаларды қолдау бойынша бізде кешенді жұмыс жүріп жатыр. Биыл елімізде әлемдегі ең беделді олимпиадалар бойынша рекорд орнады. Біздің оқушылар пәндік халықаралық олимпиадалардан 27 жүлде алып келді. Бұл балалар мен оларды дайындаған ұстаздардың еңбегі. Сонымен қатар ата-аналардың қолдауының арқасында осындай жетістікке жетіп жатыр», - деді Асхат Аймағамбетов елордадағы №86 мектеп-гимназияда өткен алғашқы қоңырау салтанатты шарасы барысында.


Сондай-ақ, министр халықаралық олимпиадалардан жеңіспен оралып, медаль алып келген оқушыларға қаржылай үстемақы берілетіні туралы айтты.

«Таяуда ғана еліміздің түкпір-түкірінен келген халықаралық олимпиаданың биылғы жеңімпаздарын қабылдап, оларға 4,7 млн-ның сертификатын табыс еттім. Енді бұл балалар ҰБТ тапсырмай-ақ, жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік алып отыр. Осылайша біздің мемлекет дарынды балаларға қолдау көрсетуде. Бұл жұмыс жалғасын табады», - дейді ол.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.