1500-ден астам оқушы «Атамекен» әнін орындады

1 595

Фото: Liter.kzРеспублика күніне орай елордада 1500-ден аса оқушы флешмобқа қатысты,- деп хабарлайды "Opennews" ақпараттық агенттігі. 

Елордада Ұлттық мереке — Республика күніне арналған ерекше рухты іс-шара өтті. Мемлекеттік рәміздер алаңында ұйымдастырылған ауқымды флешмобта 1500-ден аса мектеп оқушысы қазақ халқының жүрегінен орын алған «Атамекен» әнін бірігіп орындады.

Бұл бастама «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асып, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді, азаматтық жауапкершілікті және елдік сана мен бірегейлікті қалыптастыруды мақсат етті.

Флешмоб барысында оқушылар бес қатарға бөлініп, алақан бейнесінде сап түзеді. Бұл — бейбітшілік пен мейірімділіктің, ашықтық пен қолдаудың символына айналды. Жас буынның бірлігі мен достығын бейнелейтін бұл көрініс жүрекке жылы әсер қалдырды.

Сонымен қатар, Астананың барлық білім ордаларында осындай флешмобтар өтті. Оқушылар «Менің Қазақстаным» атты патриоттық акцияға қолдау білдіріп, елге деген сүйіспеншіліктерін ән арқылы жеткізді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.