Ақылы оқуға түсетін талапкерлер тамыз айында ҰБТ тапсырады

1 380

Ақылы оқу орындарына түсетін талапкерлер тамыз айындағы ҰБТ-ға қатыса алады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Тамыз айындағы ҰБТ-ға тіркелу testcenter.kz сайтында 20-30 шілде аралығында жүргізіледі.


Тестілеудің өзі 10 тамызда басталады.


Бұл ҰБТ-ға кімдер қатыса алады:

  • 2023 жылғы мектеп және колледж түлектері;
  • мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері;
  • шетелде 11(12) сынып білім алушылары;
  • қандастар;
  • шартты түрде оқып жатқан студенттер;
  • басқа БББТ-ға ауысуға ниетті шығармашылық мамандықтардың студенттері;
  • ақылы негізде «Педагогикалық ғылымдар» білім саласына ауысуға ниетті студенттер.


Тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге.


Негізгі ҰБТ-ға қатысқан тест тапсырушылар тамыз айындағы ҰБТ-да басқа бейіндік пәндер комбинациясын таңдай алады.