Соңғы қоңырау мен мектеп бітіру іс-шаралары: қандай шектеулер қарастырылған

2 183

Фото: Мақсат Шағырбаев/ KazinformОқу-ағарту министрлігі биылғы соңғы қоңырау мен мектеп біртіру кештерін өткізу тәртібіне қатысты түсінік берді,  - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Республика мектептерінде оқу жылы 2025 жылғы 23 мамырда аяқталады. Оқу жылын жалпы білім беретін мектептер «Білімім – Отаныма!» атты республикалық бірыңғай сынып сағатымен аяқтайды. Сынып сағатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарына басымдық беру ұсынылды. Сынып сағатында демалыста оқуға ұсынылатын кітаптар тізімін, сондай-ақ қарауға болатын фильмдер тізімін ұсынып, қауіпсіздік іс-шаралары, алдын ала жоспарланып ұйымдастырылған демалыстың артықшылықтары, қосымша білім беру ұйымдарына қатысудың тиімділігі, сондай-ақ еңбек етудің пайдасы, ата-анаға, ата-әжелеріне көмектесудің қажеттілігі айтылады, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында. 




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.